Меню KDT

logo7.png?_=1

КГУ Средняя школа имени Антона Семеновича Макаренько отдела образования Шуского района управления образования Жамбылской области
  • kz
  • ru
  • Статьи

    Шу ауданының білім бөлімінің А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде кәмелетке жасы толмаған балаларды зорлық-қауіпсіздігін зомбылықтан қорғау және олардың құқықтары мен саламаттылығын, қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың 17-тармағына сәйкес, окушылардың мектепке келер және қайтар жолдарда орналасқан қауіпті орындардың (бос ғимараттар, жарықсыз жерлер, көңіл көтеретін орындар) яғни NEEТ санатындағы жастардың шоғырланатын жерлердің тізімі жасалып, паспорты әзірленді. NEET термині ағылшын тілінен қазақ тіліне аударсак "не жұ-мыс істемейтін, не оқымай-тын, не өзге де істермен айналыс-пайтын адам" дегенді білдіреді.
    Осыған дейін ҚР Қоғамдық даму министрлігінің ұсынысы бойынша Қазақстандағы NEET жастар 7 санатка бөлінді:
    1. білімі, белгілі тәжірибелік дағдылары бар, бірақ оқуды және жұмыс істеуді жалғастыруды қаламайтын біреудің асырауындағы адамдар;
    2. жасөспірім балалары бар жас келіншектер және жалғыз басты аналар, соның ішінде ерте ана болған жас келіншектер;
    3. еркін табыс табуды қалайтын, кездейсоқ жұмыстар арқылы акша табатын фрилансерлер;
    4. білімі нашар, біліктілігі және тәжірибесі жок, косалқы шаруашылыкка жұмылдырылған ауыл жастары;
    5. оқуды жалғастыруды қалайтын, бірак мүмкіндігі жоқ күнкөрісі төмен отбасыдан шыққан мектептің түлектері, жетімдер;
    6. денсаулығы нашарлығынан жұмысқа орналасуда қиындықтары бар мүмкіндігі шектеулі адамдар;
    7. бас бостандығынан шектеу орындарынан босап шыккан, есірткілік және алкогольдік тәуелділігі бар, оңалтудан өткен жастардың бейәлеуметтік тобы.
    Қосымша ақпарат: NEET жастардың пайда болу себебін объективті, субъективті және жеке тұлғалық тұрғыдан қарастыруға болады. Ең басты әсер ететін фактор өскен ортасы, отбасы, қоғам, достар, туыскандар. Сонымен қатар көп жағдайда ата-ана балаларын тым сезімталдыкпен өсіреді. Баланың өз бетімен кимылдауына мүмкіндік бермейді. Тұрмыстық жағдай болса да бала оны өзі жасаса немесе ата-ана баламен бірге отырып орындаса, бала кез келген нәрсенің кадірін біліп өседі және жауапкершілік сезінгеннен кейін қоғамдық өмірге жеңіл жол түзей алады.
    2025-09-15

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    фотогалерия