Меню KDT

logo7.png?_=1

КГУ Средняя школа имени Антона Семеновича Макаренько отдела образования Шуского района управления образования Жамбылской области
  • kz
  • ru
  • Статьи

    түнгі рейд барысында заңды өкілінсіз жүрген балаларды анықтау мақсаты

    2025-10-09
    Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде кәмелетке жасы толмағандардың мезгілсіз уақытта жүруін, сабақтан жалтаруын және кұқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2,7 ,9 қазан күндері күндізгі және түнгі рейд жүргізілді.
    📌 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1098 бұйрығы негізінде рейдтік іс-шаралар ұйымдастыру туралы мектепішілік кезекшілік кестесі жасалып, бекітілді. / бұйрық тіркелген/ Рейд барысында кеңес мүшелері және басқа да мектеп қызметкерлері мен Шу АІІБ полиция қызметкерімен бірлесе отырып ,әр аптаның бейсенбі күндері күндіз сағат 11:00-14:00-ге дейін орталық базарында, темір жол бекетінде, ойын сауық орталықтарында ,сабақтан жалтарған оқушыларды анықтау мақсатында рейд жүргізсе, түнгі рейд барысында заңды өкілінсіз жүрген балаларды анықтау мақсатында түнгі сағат 22:00-00:00 аралығында ойын –сауық орталықтары мен қала көшелері, темір жол бекетіне мектеп қызметкерлері мен мектеп инспекторы рейд жұмысын жүргізді. Рейд барысында сабақтан жалтарған және түнгі уақытта ата-анасынсыз жүрген оқушылар анықталған жоқ. Мектеп ауласында бөгде адамдардың болуы орын алған жоқ.Рейдтік іс-шараға А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің кезекші мұғалімдері мен Шу аудандық полиция бөлімінің қызметкері Құсайнов Мақсат Мусабековичпен бірлесе отырып жүргізді.Рейд барысында қадағалауды қажет ететін отбасылардың да үйлеріне араланды .
    Жасөспірім,есіңізде болсын, Сіздің амандығыңыз БІЗ үшін маңызды!
    ЕСКЕРТПЕ!!! ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442-бабына сәйкес кәмелетке толмағандар тарапынан құқық бұзушылық анықталған жағдайда ,олардың ата-анасына немесе заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік жауапкершілік көзделетіндігі ескертіледі.

    Құқық бұзушылықтың соңы-жаза" тақырыбында профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.

    2025-10-08
    ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА!!! Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес , мектеп оқушыларының ұл балалары арасында құқықтық сана мен жауапкершілікті қалыптастыру үшін профилактикалық жұмыс жүргізу өте маңызды екенін ескеріп, Шу АПБ-нің полиция аға лейтенанты Құсайнов Мақсат Мусабековичпен бірлесе мектептің 8-10 сыныбының ұл балаларымен "Құқық бұзушылықтың соңы-жаза" тақырыбында профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Оқушылар директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен алғашқы әскери дайындық технология пәнінің мұғалімінің ілесуімен құқық бұзушылық жасаған адамдардың уақытша ұстау жағдайын, заң бұзушылықтың салдарын өз көздерімен көре алды. Изоляторда отырған күдіктілер оқушыларға құқық бұзушылыққа барған,ішімдік пен зиянды заттардың пайдаланудың соңы өзінің қылмыс жасауға әкелгенін айтып,жаман әрекет жасамауға шақырды. Іс-шараның мақсаты – кәмелетке жасы толмағандардың құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін жазаға тартылудың нақты қырларын көрсету және заңды сақтаудың маңыздылығын түсіндіру. Уақытша ұстау изоляторына экскурсия жасау барысында оқушыларға елімізде соңғы уақытта жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлар көптеп орын алып жатқанын тілге тиек етіп,
    қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктің ерекшеліктері туралы айтып, көп жағдайда жауапкершілік 16 жастан басталатынын түсіндірді. Алайда кәмелетке толмағандар арасында жиі кездесетін және салдары ауыр қылмыстар үшін жауапкершілік 14 жастан бастап белгіленгені ескертілді. Полиция аға лейтенанты Кусайнов Мақсат Мусабекович заңды бұзу қандай құқықтық салдарға әкелуі мүмкін екендігін толық түсіндіруге ерекше назар аударды. Жасөспірімдерге зиянсыз болып көрінетін кейбір әрекеттердің ауыр заңдық салдарға әкелуі мүмкін екені айтылды. Балаларға әр қабылдайтын шешімдерінің олардың болашағына тікелей әсер ететінін түсінуі керектігін айтып өтті. Заңды сақтау – бұл жеке қауіпсіздіктің кепілі ғана емес, сонымен қатар лайықты өмір сүруге мүмкіндік, – деп М.Құсайнов атап өтті .
    Оқушылар экскурсия соңында қандай әсер алғандарымен бөлісті.

    «Дін және Заң» тақырыбында кездесу ұйымдастырылып, түсіндірме жұмысы жүргізілді.

    2025-09-08
    Жамбыл облысы әкімідігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде Кәмелетке толмағандар діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған Жол картасын Жамбыл облысында іске асырудың іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында және Балаларды зорлық -зомбылықтан қорғау және олардың құқықтары мен саламаттылығын ,қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың 10-тармағына және кәмелетке жасы толмағандарды діни экстремизм мен терроризм идеологиясына тартудың алдын алу жөніндегі профилактикалық жұмысты ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 8 қыркүйек күні 7-11 сынып оқушыларының діни сауаттылығын арттыру, дін туралы түсінігін кеңейту, діни ағымдардан сақтану туралы түсініктерін кеңейту мақсатында «ДПЗО»“Дін проблемаларын зерттеу орталығы” КММ-нің теолог маманы Бахтияр Нұрдәулет «Дін және Заң» тақырыбында кездесу ұйымдастырылып, түсіндірме жұмысы жүргізілді. Іс-шара барысында оқушылар тарапынан Н.Бахтияр "Аналитикалық интернет карта" (АИК) бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған әлеуметтік желілердегі (ВКонтакте) деструктивті діни ағым идеяларын таратушы топтар туралы түсініктеме беріп , тақырып аясында бейнематериал сілтемесімен бөлісті

    «Құқық бұзушылық неге әкеп соғады»" тақырыбында интернат тәрбиеленушілерімен профилактикалық жұмыс жүргізді.

    2025-10-06
    "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің А.С.Макаренко атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың «6» қазан күні Шу аудандық ПБ-нің ЖПКБ ЮПТ УПИ-ның полиция аға лейтенанты Кусайынов Максат Мусабекович жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушілерімен құқық бұзушылықтарды болдырмау, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласында әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу мақсатында тәрбиеленушілер арасында "«Құқық бұзушылық неге әкеп соғады»" тақырыбында интернат тәрбиеленушілерімен профилактикалық жұмыс жүргізді.

    Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы

    2025-09-21
    Шу ауданының білім бөлімінің "А.С.Макаренко атындағы орта мектебі" КММ директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Исмаилова 5-11 сынып оқушыларына «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» дегенді тілге тиек етіп, оқушыларға жан-жақты құқықтық тәрбие беруді жетілдіріп отыру – ұстаздардың басты парызы екенін айтып, айтылған тәртіп пен заңға бағынуға шақырып , "Орта білім беру ұйымдарында мектепішілік есепке алуды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 61 бұйрығының қосымшасымен таныстырды .(2023.28.12. №398 бұйрықпен берілген өзгерістер) Р.Исмаилова МЕА алу және одан шығарудың негіздемелеріне жеке -жеке тоқталып өтті. Атап айтатын болсам,
    1) академиялық үлгермеушілік;
    2) отбасындағы жайсыздықтар;
    3) қадағалаусыздық, панасыздық, қаңғыбастық, қайыршылық;
    4) мектептің Жарғысын және Мектептің ішкі тәртіп ережесін өрескел немесе бірнеше рет бұзу;
    5) сабақтарға дәлелсіз себептермен жүйелі түрде қатыспау;
    6) әкімшілік құқық бұзушылық жасау;
    7) психикалық белсенді, уытты заттарды, есірткі құралдарын, спиртті ішімдіктерді тұтыну, темекі шегу;
    😎 ойынға және интернетке тәуелділік, лудомания;
    9) теріс бейресми балалар-жастар топтары мен бірлестіктеріне, теріс жастар субмәдениеттеріне қатысу;
    10) діни ағымдар мен радикалды көзқарастарды ұстану.
    23. МЕА туралы шешім жауапты адамның өтініші бойынша сынып жетекшісінің, психологиялық қызмет мамандарының оң мінездемесі негізінде, сондай-ақ басқа да объективті себептермен (көшу, оқу орнын ауыстыру) Профилактикалық кеңестің отырысында қабылданад.
    24. МЕА-да тұрған білім алушыны басқа білім беру ұйымына ауыстырған жағдайда жүргізілген профилактикалық жұмыс туралы ақпарат өңірдің білім басқармасы органының әдістемелік қызметі бекіткен алгоритмге сәйкес оқу орны бойынша берілетіні айтып, оқушыларды тәртіп бұзбауға шақырды.
     
     
     
     

    Кәмелетке жасы толмағандар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.

    2025-09-11
    Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "А.С.Макаренко атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 9-11 сынып оқушыларымен ағымдағы жылдың 11 қыркүйек күні Шу қалалық емханасына қарасыты Жастар денсаулық орталығының базасында Жастар орталығының мамандары " Темекі- өміріңе зияны келтіреді" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның мақсаты: Кәмелетке жасы толмағандар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Дөңгелек үстел барысында емхананың мамандары оқушыларға темекінің қаншалықты адам ағзасына зиян тигізетінін айтып, темекі шегуден зардап шеккен адамдардың статистикасына тоқталып өтті. Оқушылар өз тарапынан мамандарға тақырып аясында сұрақтары қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алып отырды.

    мектепке әкелген тиым салынған заттар тізбесі" тақырыбында профилактикалық жұмыс жүргізді.

    2025-09-15
    Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "А.С.Макаренко атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың «15» қыркүйек күні Шу аудандык ПБ-нің ЖПКБ ЮПТ УПИ-ның полиция аға лейтенанты Кусайынов Максат Мусабекович пен Батыс мөлшері ауданының учаскелік инспекторлары бірлесе отырып, жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, мектеп оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласында әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу мақсатында 6-11 сынып оқушыларымен " Буллинг пен кибербуллинг салдары" мен мектепке әкелген тиым салынған заттар тізбесі" тақырыбында профилактикалық жұмыс жүргізді.


    Қауіпсіз көлік жүргізу

    2025-09-09
    А.С.Макаренко атындағы орта мектебі бойынша «Қауіпсіз қоғам» мәдениеті негізінде балалардың мектепке барар жолындағы қауіпті жерлерде жарық және жаяу жүргіншілерге арналған жол және жол белгілері бар. Мектептері жоқ елді мекендерде тұратын балаларды қауіпсіз тасымалдануы қамтамасыз етілген. Автобустың жарқылдауық маяктармен қамтамасыз етілмеген, дыбыс сигналдары бар, "Балалар" белгілерімен жасақталған , мектептері жоқ ауыл оқушыларын қауіпсіз тасымалдауы жолға қойылған. Атап айтатын болсам, 14 оқушы Құмөзектен А.С.Макаренко атындағы орта мектебіне тасмалданып отырады. Автобус жүргізушінің көлік жүргізу құжаттары мектеп инспекторы М.Құсайновтың тарапынан тексеріліп отырса, мектеп мебдикесі Г.Арипова жүргізушінің әр тасымалдау кезінде денсаулық жағдайын тексеріп,арнайы журналға тіркеп отырады және алғашқы көмек қобдишасының болуын қадағалап отырады.

    1-4 сынып оқушыларына күнделікте көрсетілген үйден мектепке дейінгі маршрут

    2025-09-12
    Ағымдағы жылдың 5-18 қыркүйек аралығында Шу ауданы білім бөлімінің А.С.Макаренко атындағы орта мектебі бойынша 1-4 сынып оқушыларының мектептен үйге дейінгі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Білім туралы 2007 шілдедегі №319 Заңының 45 бабының 4 тармағы мен 48 бабының 6 тармағына сәйкес, Шу ауданы білім бөлімінің 05.10.2020 жылғы №321 бұйрығын негізінде, «Бастауыш сынып оқушыларын сабақ аяқталғаннан кейін ата-аналары мұғалімнің шақыруымен 1-4 сынып аралығындағы оқушыларды алып кетуін қамтамассыз ету және ата-аналар білім беру мекемесі ғимаратына басшы бекіткен тәртіпке сәйкес жіберілуі туралы» мектепішілік бұйрықпен 1-4 сыныптың жетекшілерін жекелей таныстырып, оқушының жол қауіпсіздігі үшін 1-4 сынып оқушыларына күнделікте көрсетілген үйден мектепке дейінгі маршрутты міндетті түрде толтырылуы керектігі түсіндірілді. Мақсаты: Оқушылардың жол қауіпсіздігін қамтамассыз ету.
    А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің әкімшілігі 16 жасқа дейінгі оқушыларын мектепке өздігінен баратын және қайтатын уақытта, жол ақысы болмаған жағдайда, баланың өмірі мен қауіпсіздігі үшін қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсірмеуін сұрап, Ақ-жол 2000ЖШС-ның директоры Қақпанбаевқа қатынас хат жолдады .
    Негіздеме: 2024 жылғы 15 сәуірде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы
     
     

    жол апатын алдын алу үшін сақтық шаралары

    2025-09-25
    А.С.Макаренко атындағы орта мектебі бойынша балалардың мектепке барар жолындағы Д.Қонаев көшесінен мектепке дейінгі жолда жарық беретін 8 бағана , мектеп ауласында 8 бағана және қауіпті жерде 8 бағана орнатылған. Д.Қонаев көшесі мен мектепке дейін жаяу жүргіншілерге арналған жол бар. Д.Қонаев көшесі орталық жол болғандықтан ,автокөліктер көп қатынайды ,сол себепті жақын маңда мектеп бар екені туралы белгі беретін жол белгісі және жылдамдықты жетеу керектігі туралы белгілер, орнатылған және жол апатын алдын алу үшін сақтық шаралары сақталған. Қарасу көшесінде жол белгісіне қатысты 4 белгі орнатылса, Д.Қонаев көшесінінің бойына 8 белгі орнатылған

    балалардың зиянды заттарды тарату мен пайдалану деректерін алдын алу мақсаты

    2025-09-24
    А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің "Құқық бұзушылықты алдын алу" кеңесінде ай сайын оқушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі мен балаларды зорлық– зомбылықтан қорғауа және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықты алдын алу , нашақорлық және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп медбикесі, мектеп инспекторы М.Құсайнов, балалардың зиянды заттарды тарату мен пайдалану деректерін алдын алу мақсатында мектептен 100 метр қашықтықта орналасқан дүкендердің сатушыларын зиянды заттардың (СНЮС) 128 түрімен таныстырып, сатылымға шығуына рұқсат етілмейтінін және ішімдік пен темекінің мектеп жасындағы оқушыларға тыйым салынатын ескертті. Дүкен иелеріне жазбаша түсінідірілді.

    ОҚУШЫЛАРҒА МЕКТЕПТЕ ҚАУІПСІЗ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА !!!

    2025-09-22
    📌 ОҚУШЫЛАРҒА МЕКТЕПТЕ ҚАУІПСІЗ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА !!! Шу ауданының білім бөлімінің А.С.Макаренко атындағы орта бойынша 2023-2025 жылдарға арналған ҚР Үкіметінің 31 .31.2023ж. № 748 қаулысы, Жамбыл облысы әкімідігінің 06.11.2023ж . Балаларды зорлық– зомбылықтан қорғауа ,суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес, 2025-2026 оқу жылында мектептің А корпусына 20 бейнебақылау жүйесі, 1 дабыл түймесі қойылса, мектепке берілген 4 турникет орнатылған. Сонымен қатар оқушылардың қауіпсіздігін қамтамсыз етуде мамандандырылған күзет қызметі іске косылды. Қазіргі уақытта мектептің қауіпсіздігін қадағалау мамандандырылған күзет «Алғыр» агенттігіне тапсырылып отыр. Бекітілген күзетші металл детекторымен қамтамассыз етілген. Аталған агенттіктің қызмектерлері күнделікті жұмыстарын – бейнебақылау жүйелерінің жұмыс жасауы, мектеп аумағын бақылауда ұстап отыратындары, сондай-ақ, түрлі іс-шаралар мен жиындарда оқушылардың жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету масқатында жол патруль қызмектерлері мен мектеп инспекторы бірлесіп қауіпсіздікті қамтамасыз етеді . Бүгінде мектеп аумағында жол белгілері қойылып, жарықтандырылды. Балалар қараңғыда қараусыз қалмауы қажет екенін ескеріп,мектепте бейнекамералармен толық жабдықталып, көше жарығы орнатылған. Мектеп оқушыларының арасында мектепке алып кіруге болмайтын заттардың тізімі жасалынып , түсіндірме жұмыстары жүргізілді және күзет өкілдері қадағалап отырады. Мектепке жақын орналасқан, бақылаусыз қалған ғимараттар мен мектептегі жертөлеге кіргізбеу,жертөле мен шатырдың құлыпталы тұрғанын қатаң қадағалау үшін мектеп инспекторлары мен құқық бұзушылықты алдын алу кеңесінің мүшелері рейд жүргізіп отырады. Мектеп толық қоршауға алынған. #мектепте_қауіпсіз_орта_қалыптастыру

    Жол_қауіпсіздігі #мектепте_қауіпсіз_орта_қалыптастыру

    2025-09-17
    Шу ауданының білім бөлімінің А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде «Полицияның сервистік моделі» жобасы негізінде мектепке жаяу келер оқушылардың жолдарындағы ашық люктер мен бос тұрған ғимараттарды ,жертөлелерді ,шатырға шығатын ашық тұрған есіктер санын анықтау , әжетхананың жабықтығын, бос тұрған ғимараттардың мекен-жайын анықтап,анықталған кемшіліктер бойынша нәтижелі жұмыстар жүргізілді .Атап айтатын болсам, мектепке жаяу келер оқушылардың жолдарындағы ашық люктер жоқ, бірақ Қарасу көшесінің №3 ғимаратының алдында 3 люктың қақпағының тозығы жетіп, талапқа сай болмағандықтан , аталған жағдай бойынша қатынас хат ағымдағы жылдың 17 кыркүйек күні Шу қалалық әкімшілігіне жолданды. 19 қыркүйек күні Шу қалалық әкімшілік тарапынан люктың қақпағы талапқа сай жабылды . #Жол_қауіпсіздігі #мектепте_қауіпсіз_орта_қалыптастыру #мектептен_үйге_дейінгі_жол

    жаза және оның түрлері туралы кең көлемде түсінік

    2025-09-18
    Шу ауданы білім бөлімінің А.С. Макаренко атындағы орта мектебінің 6_11 сынып оқушылармен учаскелік полиция инспекторы Атықай М.Д "Кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі» " тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.
    Мақсаты:оқушыларға қылмыс және оның түрлері, қылмыстық жауапкершілік, жаза және оның түрлері туралы кең көлемде түсінік бере отырып,оқушылардың құқықтық білімін дамыту.
    Түсіндірме жұмысы барысында бала құқығы туралы ҚР заңнамалары,әкімшілік -қылмыстық кодекс баптары мен 127-бап бойынша ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы, 442-бап. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы және 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілік тартылатындарын ескертіп, құқық бұзушылық жасамауға шақырды. Қандайда құқық бұзушылықтың куәсі болған жағдайда , полиция инспекторының номеріне хабарлардың болатндарын айтып, байланыс номерлерін ұсынды.
     

    балаларды зорлық-қауіпсіздігін зомбылықтан қорғау

    2025-09-15
    Шу ауданының білім бөлімінің А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде кәмелетке жасы толмаған балаларды зорлық-қауіпсіздігін зомбылықтан қорғау және олардың құқықтары мен саламаттылығын, қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың 17-тармағына сәйкес, окушылардың мектепке келер және қайтар жолдарда орналасқан қауіпті орындардың (бос ғимараттар, жарықсыз жерлер, көңіл көтеретін орындар) яғни NEEТ санатындағы жастардың шоғырланатын жерлердің тізімі жасалып, паспорты әзірленді. NEET термині ағылшын тілінен қазақ тіліне аударсак "не жұ-мыс істемейтін, не оқымай-тын, не өзге де істермен айналыс-пайтын адам" дегенді білдіреді.
    Осыған дейін ҚР Қоғамдық даму министрлігінің ұсынысы бойынша Қазақстандағы NEET жастар 7 санатка бөлінді:
    1. білімі, белгілі тәжірибелік дағдылары бар, бірақ оқуды және жұмыс істеуді жалғастыруды қаламайтын біреудің асырауындағы адамдар;
    2. жасөспірім балалары бар жас келіншектер және жалғыз басты аналар, соның ішінде ерте ана болған жас келіншектер;
    3. еркін табыс табуды қалайтын, кездейсоқ жұмыстар арқылы акша табатын фрилансерлер;
    4. білімі нашар, біліктілігі және тәжірибесі жок, косалқы шаруашылыкка жұмылдырылған ауыл жастары;
    5. оқуды жалғастыруды қалайтын, бірак мүмкіндігі жоқ күнкөрісі төмен отбасыдан шыққан мектептің түлектері, жетімдер;
    6. денсаулығы нашарлығынан жұмысқа орналасуда қиындықтары бар мүмкіндігі шектеулі адамдар;
    7. бас бостандығынан шектеу орындарынан босап шыккан, есірткілік және алкогольдік тәуелділігі бар, оңалтудан өткен жастардың бейәлеуметтік тобы.
    Қосымша ақпарат: NEET жастардың пайда болу себебін объективті, субъективті және жеке тұлғалық тұрғыдан қарастыруға болады. Ең басты әсер ететін фактор өскен ортасы, отбасы, қоғам, достар, туыскандар. Сонымен қатар көп жағдайда ата-ана балаларын тым сезімталдыкпен өсіреді. Баланың өз бетімен кимылдауына мүмкіндік бермейді. Тұрмыстық жағдай болса да бала оны өзі жасаса немесе ата-ана баламен бірге отырып орындаса, бала кез келген нәрсенің кадірін біліп өседі және жауапкершілік сезінгеннен кейін қоғамдық өмірге жеңіл жол түзей алады.

    "Буллинг дегеніміз не және булингтен қорғану жолдары» тақырыбында түсіндірме жұмысы

    2025-09-17
    Шу ауданының білім бөлімінің А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің 7-11 сынып оқушыларымен ДосболLIKE” жобасы негізінде «Зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ мамандары, Шу қалалық " Жастары ресурстық орталығы" мамандары
    "Буллинг дегеніміз не және булингтен қорғану жолдары» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. Түсіндірме жұмысының мақсаты: Кәмелетке жасы толмағандар арасында буллинг пен кибербуллинг түрлерінен қорғау және желіден төнетін қауіптің түрлерімен таныстыру. Түсіндірме жұмысын жүргізу екі кезеңнен тұрды. Іс-шараны Шу "Жастар ресурстық орталығы" КММ психологі «Желідегі қауіпсіздік» тақырыбында ақпарат беріп, тақырып аясында ЖАДЫНАМА таратса, "Зорлық -зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталғы" КММ маманы Гүлбану оқушылармен байланыс орнату үшін тақырып аясында бейнероликтерді ұсынып, сұрақтар қойып, кибербуллинг түрлерімен және ондағы мәселелермен таныстырып, оқушыларға ойларымен бөлісуді сұрады. Іс –шара соңында оқушылардан жоғарыда аталған алдау, бопсалау,тиісу жағдайына тап болса, қандай іс-қимыл жасайтындарын сұрап, оқушылардың ойларын тыңдады. Іс-шара соңында оқушыларды ешқандай әлеуметтік желіге тәуелді болмай, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. #ДосболLIKE #Шу_ауданы_білім_бөлімі

    «STOP BULLYING

    2025-09-10
    «Буллингтен қорған» алдын алу шарасы, «ДОСБОЛLIKE» бағдарламасы негізінде А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің оқушыларына -«Қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру» мақсатында «STOP BULLYING» , 109 психологиялық қолдау көрсету орталығы, Балаларды мектепте 24/7 режиміндегі "Balaqorgau" дербес QR-кодын орналастыру арқылы құқықтарының бұзылу фактілері бойынша анонимді түрде БҒМ БҚҚК-ге жаңа форматта жүгіну мүмкіндігі туралы хабардар ету ақпаратын мектеп психологі мен директордың құқытық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары оқушыларға мектепте «ДосболLIKE Макаренко» атты көмек көрсету желісі бар екенін және басқа да ақпарат парақшаларының маңыздылығын түсіндіріп, 25 оқу кабинеті мен оқушыларға қол жетімді жерлерге , қыздар, ұлдар бөлмесіне ,мектептің әжетханаларына, асханаға, интернаттың жатын бөлмелеріне орналастырылды





    ҚАУІПСІЗДІК САҒАТЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА !!! ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ

    2025-09-08
    🚏 ҚАУІПСІЗДІК САҒАТЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА !!! ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ🚏🚦
    Шу ауданы білім бөлімінің А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде балаларды зорлық -зомбылықтан қорғау және олардың құқықтары мен саламаттылығын , қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың 9-тармағына сәйкес, ағымдағы жылдың 19 қыркүйек күні 1-4 сынып оқушыларының жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін, олардың топтарын ажырата білуге үйрету, жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыру, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажетті екенін түсіндіру мақсатында Шу АПБ-нің ЖПҚб-нің ЮПТ
    полиция аға лейтенанты Кусайнов Мақсат Мусабекович 1-4 сынып оқушыларымен "Жол ережесін естен шығарма ,жасөспірім!" тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізсе, мектеп медбикесі жол апаты кезінде алғашқы көрсетілетін көмектің түрлерімен таныстырып өтті. #Шу_ауданы_білім_бөлімі. #Жол_қауіпсіздігі. #.htt

    РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА!!

    2025-06-04
    РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА!!!
    ✅Шу ауданы білім бөлімінің А.С.Макаренко атындағы орта мектебі мен Шу аудандық полиция бөлімінің қызметкері Құсайнов Мақсат Мусабековичпен бірлесе отырып, кәмелетке жасы толмағандардың мезгілсіз уақытта жүруін, сабақтан жалтаруын және кұқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 4,11, 17 қыркүйек күндері (әр бейсенбі күні) күндізгі және түнгі рейд жүргізілді. Рейд барысында сауда орталығы, қаланың маңызы бар көшелері мен көңіл көтеретін орындар, сабаяқтар және нысанаға алынға мекен -жайлар тексерілді.
    Рейд барысында заңды өкілінсіз жүрген кәмелетке жасқа толмаған жасөспірімдер және сабақтан жалтарған оқушылар анықталған жоқ.
    💚 Жасөспірім,есіңізде болсын, Сіздің амандығыңыз БІЗ үшін маңызды!
    🔰 ЕСКЕРТПЕ!!! ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442-бабына сәйкес кәмелетке толмағандар тарапынан құқық бұзушылық анықталған жағдайда ,олардың ата-анасына немесе заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік жауапкершілік көзделетіндігі ескертіледі.

    «ДОСБОLIKE»бағдарламасын негізге ала отырып, 1-11сыныптың тәрбие жоспарына буллинке қатысты маңызды тақырыптар талқылану керектігің алға тарта отырып ,әр сыныптың тоқсанына бір сағат қосу керектігін айтып өтті.

    2025-09-28
    А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде 28 тамыз күні сынып жетекшілер жиналысында, Исмаилова Рада Қуанышбекқызы білім беру ұйымдарында балаларды жәбірлеудің буллингтің алдын алу және оған қарсы тұруға арналған «ДОСБОLIKE»бағдарламасын негізге ала отырып, 1-11сыныптың тәрбие жоспарына буллинке қатысты маңызды тақырыптар талқылану керектігің алға тарта отырып ,әр сыныптың тоқсанына бір сағат қосу керектігін айтып өтті. Сонымен қатар 1-4 сыныптар мен 5-9 және 10-11 сынып оқушыларының ата-аналармен жүргізілетін жұмыс жоспарына «Буллинг» тақырыбына байланысты ұсынылған тақырыпты енгізу керектігін айтты



    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    фотогалерия