Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі КММ
  • kz
  • ru
  • Статьи

    Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде кәмелетке жасы толмағандардың мезгілсіз уақытта жүруін, сабақтан жалтаруын және кұқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2,7 ,9 қазан күндері күндізгі және түнгі рейд жүргізілді.
    📌 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1098 бұйрығы негізінде рейдтік іс-шаралар ұйымдастыру туралы мектепішілік кезекшілік кестесі жасалып, бекітілді. / бұйрық тіркелген/ Рейд барысында кеңес мүшелері және басқа да мектеп қызметкерлері мен Шу АІІБ полиция қызметкерімен бірлесе отырып ,әр аптаның бейсенбі күндері күндіз сағат 11:00-14:00-ге дейін орталық базарында, темір жол бекетінде, ойын сауық орталықтарында ,сабақтан жалтарған оқушыларды анықтау мақсатында рейд жүргізсе, түнгі рейд барысында заңды өкілінсіз жүрген балаларды анықтау мақсатында түнгі сағат 22:00-00:00 аралығында ойын –сауық орталықтары мен қала көшелері, темір жол бекетіне мектеп қызметкерлері мен мектеп инспекторы рейд жұмысын жүргізді. Рейд барысында сабақтан жалтарған және түнгі уақытта ата-анасынсыз жүрген оқушылар анықталған жоқ. Мектеп ауласында бөгде адамдардың болуы орын алған жоқ.Рейдтік іс-шараға А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің кезекші мұғалімдері мен Шу аудандық полиция бөлімінің қызметкері Құсайнов Мақсат Мусабековичпен бірлесе отырып жүргізді.Рейд барысында қадағалауды қажет ететін отбасылардың да үйлеріне араланды .
    Жасөспірім,есіңізде болсын, Сіздің амандығыңыз БІЗ үшін маңызды!
    ЕСКЕРТПЕ!!! ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442-бабына сәйкес кәмелетке толмағандар тарапынан құқық бұзушылық анықталған жағдайда ,олардың ата-анасына немесе заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік жауапкершілік көзделетіндігі ескертіледі.
    2025-10-09

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    фотогалерия