Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі КММ
  • kz
  • ru
  • Статьи

    Шу ауданының білім бөлімінің А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің 7-11 сынып оқушыларымен ДосболLIKE” жобасы негізінде «Зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ мамандары, Шу қалалық " Жастары ресурстық орталығы" мамандары
    "Буллинг дегеніміз не және булингтен қорғану жолдары» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. Түсіндірме жұмысының мақсаты: Кәмелетке жасы толмағандар арасында буллинг пен кибербуллинг түрлерінен қорғау және желіден төнетін қауіптің түрлерімен таныстыру. Түсіндірме жұмысын жүргізу екі кезеңнен тұрды. Іс-шараны Шу "Жастар ресурстық орталығы" КММ психологі «Желідегі қауіпсіздік» тақырыбында ақпарат беріп, тақырып аясында ЖАДЫНАМА таратса, "Зорлық -зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталғы" КММ маманы Гүлбану оқушылармен байланыс орнату үшін тақырып аясында бейнероликтерді ұсынып, сұрақтар қойып, кибербуллинг түрлерімен және ондағы мәселелермен таныстырып, оқушыларға ойларымен бөлісуді сұрады. Іс –шара соңында оқушылардан жоғарыда аталған алдау, бопсалау,тиісу жағдайына тап болса, қандай іс-қимыл жасайтындарын сұрап, оқушылардың ойларын тыңдады. Іс-шара соңында оқушыларды ешқандай әлеуметтік желіге тәуелді болмай, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. #ДосболLIKE #Шу_ауданы_білім_бөлімі
    2025-09-17

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    фотогалерия