Меню KDT

logo7.png?_=1

КГУ Средняя школа имени Антона Семеновича Макаренько отдела образования Шуского района управления образования Жамбылской области
  • kz
  • ru
  • Статьи

    15 қыркүйек 2025 жылы А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде “Қазіргі балалар мен ата-аналар” тақырыбында жалпы ата -аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың күн тәртібімен мектеп директоры А.Тунгатаров таныстырды.
    Күн тәртібіндегі мәселелер:
    1."Мектепке жол" республикалық акциясы аясында қолдау көрсету және әлеуметтік көмектер мен ыстық тамақтың ұйымдастырылуы туралы ақпарат.
    2.Балалар қауіпсіздігі және зорлық- зомбылықтың алдын алу вебинары.
    3. Білім алушылардың мектеп формасын сақтау мәдениеті және сыртқы келбетке қойылатын талаптар.
    4.2025-2026 оқу жылындағы тәрбие бағыты "Адал азамат"Біртұтас тәрбие бағдарламасымен таныстыру
    5.Оқушылардың "Мектепішілік есепке алу туралы ережемен таныстыру"
    Жиналыс сағат 16:00-де басталды. Жиналысқа Шу қаласының әкімдігінің орынбасары Төлендиев Болатжан Бақытұлы, Шу қалалық ардагерлер төрағасы Бейсембаев Мэлс Нысанбайұлы, Шу қалалық емханасы профилактикалық бөлім меңгерушісі Оспанова Есен Алмешовна, Шу АПБ-нің полиция аға лейтенанты Қусайнов Мақсат Мусабекович шақырылды. Жиналысқа 60 ата-ана қатысты. Шақырылған қонақтар әр меселе бойынша сөз алып отырды. Мектеп диреторының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Исмаилова мектеп ішілік есептке алу ережесімен таныстырып, балалардың тәрбиесі туралы сөз алды. Жиналыс соңында ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, отырыс шешіміне барлығы бірауыздан келісті.





    2025-09-15

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    фотогалерия